Көкшетау Энерго» ЖШС желілерін Заңсыз бөлшектеу
Skip to main content
ҚР, Астана қ., Керей, Жәнiбек хандар к-сі, 32
+7 702 494 2520 | info@kazeso.kz
atameken kz

Қауымдастық кейстері

Көкшетау Энерго» ЖШС желілерін Заңсыз бөлшектеу


Кейстің қысқаша сипаттамасы:

Қауымдастыққа «Zhasyl Damu Energy» ЖШС (бұдан әрі – «ЭЖҰ») Ақмола облысының Табиғи монополиялар субъектісі - «Степногорск Энерготранзит» ЖШС тарапынан электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасу заңсыз талабына байланысты мәселесін шешуге жәрдемдесу туралы өтініш жасады. ЭЖҰ ұсынған материалдармен танысқаннан кейін қауымдастық - баяндалған дәлелдер «Көкшетау Энерго» ЖШС-нен «Степногорск Энерготранзит» ЖШС-не электр желілерінің бір бөлігін берудің (иеліктен шығарудың) заңдылығы тұрғысынан тексерілуі тиіс деп санайды.


Ағымдағы күйі:

Қауымдастық «Көкшетау Энерго» ЖШС-нен «Степногорск Энерготранзит» ЖШС-не электр желілерінің бір бөлігін берудің (иеліктен шығарудың) заңдылығын тексеру туралы өтінішпен уәкілетті органдарға жүгінді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауабына сәйкес, электр желілерінің бір бөлігін «Көкшетау Энерго» ЖШС-нен «Степногорск Энерготранзит» ЖШС-не беру (иеліктен шығару) салалық заңнаманы бұзу болып табылады және ол белгіленген мерзімде жойылуы тиіс.

Осы ретте Қауымдастықтың мүшесі – «ЭнергоПромТехно» ЖШС-і «Степногорск Энерготранзит» ЖШС тарапынан электр энергиясын жеткізу бойынша қызмет көрсетуге шарт жасасу туралы заңсыз талапқа байланысты осындай аталмыш мәселемен хабарласты.

Статус: Орындалуда

Хат алмасу (хронологиялық тәртіппен)

КАЗЭСОның жолдауы №114-12/23
15.12.2023
PDF-файл
ҚР ЭМ жауабы №ЗТ-2023-02630122
09.01.2024
PDF-файл
КАЗЭСО жолдауы №04-01/24
09.01.2024
PDF-файл
ТМРКД жауабы №ЗТ-2023-02630124/1
10.01.2024
PDF-файл
ТМРКД жауабы №ЗТ-2024-02817554
30.01.2024
PDF-файл

© 2024 «Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қаумдастығы» ЗТБ | Барлық құқықтар қорғалған.

Сайт құру: arctika.kz