ЭКН ережелерінен диспетчерлеу туралы нормаларды алып тастау
Кейстің қысқаша сипаттамасы
01.07.2023 ж. дейін қолданыста болған Электр энергиясының көтерме нарығы ережелерінде – энергожабдықтаушы ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына ешқандай қатысы жоқ, бірақ энергожеткізуші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметтеріне қолжетімділігін шектеу үшін белсенді пайдаланатын диспетчерлеу туралы норма болды.
Ағымдағы күйі
Кейс аяқталды: ҚР Энергетика министрлігі көрсетілген норманы 01.07.2023 ж. бастап қолданылып жүрген Электр энергиясының көтерме нарығы ережелерінен алып тастады.