Электр энергиясын кепілдікпен жеткізуші тарапынан Бірыңғай сатыпалушыға алдын ала төлем жасау бойынша
Кейстің қысқаша сипаттамасы:
Электр энергиясының көтерме сауда нарығының жаңа моделінде электр энергиясын кепілдікпен жеткізушілер бірыңғай сатып алушыға алдын-ала төлем жасаудан толығымен босатылады, бұл оларға тұрмыстық емес тұтынушыларға электр энергиясы үшін төлемді кейінге қалдыру бөлігінде реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қарағанда негізсіз артықшылық береді.
Ағымдағы күйі:
10.08.2023 ж. қауымдастық ҚР Энергетика министрлігіне кепілді жеткізушілерді тұрмыстық емес тұтынушылар үшін электр энергиясына қатысты бірыңғай сатып алушының атына алдын ала төлеуден босатуды жою бөлігінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының ережелеріне өзгерістер енгізу туралы өтініш жолдады. Заңнамада белгіленген жауап мерзімі – 31.08.2023 ж.
Статус: Орындалуда
Хат алмасу (хронологиялық тәртіппен)
КАЗЭСО-ның № 50-08/23 өтінімі | 10.08.2023 | PDF-файл |
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің № ЗТ-2023-01503627 хаты | 11.08.2023 | PDF-файл |
ҚР ЭМ ТМРК хаты №ЗТ-2023-01503627/1 | 29.08.2023 | PDF-файл |
«Самұрық-Энерго» АҚ №04-02-14/2261 хаты | 29.08.2023 | PDF-файл |
ҚР Энергетика министрлігіне хаты №ЗТ-2023-01503525 | 31.08.2023 | PDF-файл |