ЭТНда өзара есепайырысу механизмі
Кейстің қысқаша сипаттамасы
Электр энергиясын теңгерімдеуші нарықтың 01.07.2023 ж. бастап жүзеге асыруға ұсынылып отырған өзара есеп айырысудың механизмі - ашық емес, сондай-ақ болжам бойынша жемқорлық факторларының пайда болуына тексерістен өтпеген.
Ағымдағы күйі
15.06.2023 ж. Қауымдастық атынан ҚР Энергетика Министрлігіне тиісті сұрау жасалған болатын. Заңнама бойынша жауап беруге бекітілген мерзім 05.07.2023 ж. ҚР Энергетика министрлігінен алынған түсініктемесіне сәйкес, Қауымдастықтың бұл кейсі аяқталмады.
Қауымдастық ҚР Энергетика министрлігіне қосымша сауал жолдады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауабына сәйкес, қазіргі уақытта Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (АСКУЭ) болмаған кезде аймақтық энергетикалық компаниялардың ЭТН субъектілері арасындағы теңгерімсіздікті бөлу процесіне қатысуын болдырмау туралы ұсыныс нарық субъектілерімен және мүдделі тұлғалармен талқылануда, және 146-тармаққа бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы автоматты режим туралы редакциялық түзету жұмысқа қабылданды.
Хат алмасу (хронологиялық тәртіппен)
ҚР Энергетика министрлігіне № 08 сұрау салу | «15 Маусым 2023» | PDF-файл |
ҚР Энергетика министрлігінің жауабы № ЗТ-2023-01094838 | «05 Шілде 2023» | PDF-файл |
Энергетика министрлігіне сауал № 17-07/23 | «20 Шілде 2023» | PDF-файл |
ҚР Энергетика Министрлігінің № ЗТ-2023-01334618 жауабы | «01 «тамыз» 2023» | PDF-файл |
КАЗЭСОның қосымша сауалы №95-11/23 | «06 Қараша 2023» | PDF-файл |
ҚР Энергетика Министрлігінің жауабы №ЗТ-2023-02261800 | «24 Қараша 2023» | PDF-файл |
