Электрэнергиясын мемлекеттік сатып алулар
Кейстің қысқаша сипаттамасы
2023 жылы энергожабдықтаушы ұйымдар «Мемлекеттік сатып алулар» веб-сайтын пайдалана отырып, мемлекеттік мекемелермен (ММ) электр энергиясын жеткізу туралы шарттардың талаптарына сәйкес, электр энергиясын жеткізуші күнтізбелік жылдың соңына дейін, 01.07.2023 жылдан бастап Бірыңғай сатып алушы және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жаңа моделдерін енгізу нәтижесінде тіпті бастапқы құнның «серпінді» өсуіне қарамастан, электр энергиясы тарифтерін көтеруге құқығы жоқ екендігі фактісімен бетпе-бет келді.
Бұдан басқа, қауымдастықтың пікірінше, "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР қолданыстағы заңында (Заңның 39-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы) электр энергиясын Мемлекеттік сатып алу саласында кепілдік беруші болып табылмайтын энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қатысты кемсітушілік орын алады.
Ағымдағы күйі
Қауымдастық 20.06.2023 жылы ҚР Энергетика министрлігіне 01.07.2023 жылдан бастап электр энергиясының көтерме нарығының жаңа моделінің енгізілуіне байланысты 2023 жылға ММ тараптарынан электр энергиясын сатып алу бойынша қайталама тендерлерді өткізу қажеттілігі туралы ресми түсініктеме жариялай отырып, жағдайға араласуды сұрап үндеу жолдады.
Қазынашылық комитеті тарапынан аталған мәселені қарауды ұзартуды пайдалана отырып, қауымдастық уәкілетті органға өзінің қосымша түсініктемелерін берді, сондай-ақ Zoom-кеңес өткізуді сұрады.
Қауымдастық ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің түсіндірмесін алды, оған сәйкес тиісті Тарифтердің өзгеруіне байланысты жасалған шартқа өзгерістер енгізілуі мүмкін, өйткені бұл өнім берушіні таңдаудың шарты болып табылмайды. Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу веб-порталында сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен бағалардың өсуіне байланысты Мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға қосымша келісімдер жасасу жөніндегі функционал іске асырылғаны туралы хабарланады.
Комитеттің түсіндірмесін басшылыққа ала отырып, қауымдастық реттелмейтін энергожабдықтаушы ұйымдарға (РЭЖҰ) ММ-тұтынушылармен көрсетілген өзара қарым-қатынастарды іс жүзінде іске асыру туралы өтінішпен жүгінді. РЭЖҰ-дан "кері байланыс" алу фактісі бойынша (болжам бойынша - 20.08.2023 ж. кейін) қауымдастық не осы істі аяқтайды, не қойылған мақсаттарға қол жеткізуді жалғастырады.
2023 жылғы 25 тамызда қауымдастық БҚДА-не электр энергиясын мемлекеттік сатып алу саласында жеткізушілерге кепілдік бермейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қатысты кемсітушілікті жою қажеттілігі туралы үндеу жолдады.
31.10.2023 ж. Қауымдастық ҚР Энергетика министрлігіне ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, егер жеткізуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген жағдайда, энергиямен жабдықтау немесе электр энергиясын сатып алу-сату қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді болдырмайтын түзетуге бастамашылық жасау туралы өтінішпен жүгінді.
2023 жылғы 22 қарашада Қауымдастық 01.01.2024 жылдан бастап ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңынан мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен Кепілді жеткізушімен энергиямен жабдықтау қызметтерін сатып алу немесе электр энергиясын сатып алу-сату нормалары алып тастау ықтималдығы жағдайында Кепілді жеткізуші болып табылмайтын ЭЖҰға қатысты мемлекеттік сатып алу сату саласындағы кемсітушіліктерді жою туралы өтінішімен Біскелестікті қорғау және дамыту агенттігіне (БҚДА) жүгінген болатын.
БҚДА жауабына сәйкес, Қауымдастықтың ұсынысы Агенттікке «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тиісті жобалары түскен кезде ескерілетін болады.
Хат алмасу (хронологиялық тәртіппен)
ҚР Энергетика Министрілігі мен «Атамекен» ҚР ҰКП жолдауы № 13-06/23 | 20.06.2023 | PDF-файл |
ҚР Энергетика Министрлігінің жауабы № ЗТ-2023-01129353 | 04.07.2023 | PDF-файл |
«Аамекен» ҚР ҰКП хаты | 10.07.2023 | PDF-файл |
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің ұзартуы | 12.07.2023 | PDF-файл |
КАЗЭСОның Қаржы Министрлігіне № 35-07/23 қосымша комментарийлері | 14.07.2023 | PDF-файл |
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің ұзартуы | 04.08.2023 | PDF-файл |
ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің № ЗТ-2023-01129505 түсіндірмесі | 09.08.2023 | PDF-файл |
КАЗЭСның № 57-08/23 өтінімі | 25.08.2023 | PDF-файл |
БҚДА жауабы №ЗТ-2023-01631065 | 31.08.2023 | PDF-файл |
ҚР ҚМ Қазынашылық Комитетінің жауабы №ЗТ-2023-01293404 | 04.09.2023 | PDF-файл |
ҚССПна сұранымы №67-09/23 | 11.09.2023 | PDF-файл |
КАЗЭСОның ҚР ҰЭ Министрлігіне жолдауы №79-09/23 | 28.09.2023 | PDF-файл |
ҚР ҰЭМ жауабы №ЗТ-2023-01913645 | 16.10.2023 | PDF-файл |
Комитеттің жауабы №ЗТ-2023-01913792 | 16.10.2023 | PDF-файл |
ҚР Энергкетика министрлігінің жауабы №ЗТ-2023-1913758 | 18.10.2023 | PDF-файл |
КАЗЭСОның жолдауы №93-10/23 | 31.10.2023 | PDF-файл |
Энергетика Министрлігінің жауабы №ЗТ-2023-02201922 | 20.11.2023 | PDF-файл |
КАЗЭСОның БҚДА жолдауы №103-11/23 | 22.11.2023 | PDF-файл |
БҚДА жауабы №ЗТ-2023-02416009 | 06.12.2023 | PDF-файл |